15 Қаз 2020
Материал №13 Д.Байбосынов

Мектеп туралы

Атырау қаласындағы Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясында мұғалімдердің кәсіптік мәдени, шығармашылық өсуін қамтамасыз ету, педагогикалық қызметтің жаңа мазмұны, технологияларын және әдістерін меңгерту, пән шеңберінде жаңашылдық қызмет ұйымдастыру, табысты педагогикалық тәжірибені анықтау, насихаттау және мектеп жұмысының тәжірибесіне енгізуге бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді.

Қабырғасы 1970 жылы қаланған, білім ұясынан қырық төртінші түлектерін ұшырған бұл мектеп – шоқтығы биік білім ордаларының бірі. Жетпіс бес мұғалімі бар педагогикалық ұжымды Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясы басқарады. Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, Қазақстанның гүлденуіне, білім саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген жаңашыл мұғалімдердің қатары жылдан-жылға көбеюде. Білім саласындағы жаңалықтар, жетістіктер мен ұстаздардың озат тәжірибесін бір-бірінен үйренуде, ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде аталған білім ұясында жетістіктер мол.