15 Қаз 2020
Материал №13 Д.Байбосынов

Мектеп формасы

Мектеп формасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес, №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназиясы 2017ж 30 мамырдағы ата-аналар жиналысының шешімі бойынша мектеп формасының мектепішілік


Ережесі


Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай қою көк түсте тігіледі және барлық 1-11 сынып оқушылары үшін бірыңғай мектеп формасы болып есептелінеді. 

 

Ұл балалалардың мектеп формасы:


Белгіленген үлгідегі қою көк костьюм (пиджак, шалбар), күнделікті ақ жейде. Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Классикалық қара туфли. Қою көк костьюмнің оң жақ кеудешесінде №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық
мектеп-гимназиясының төс белгісі тігілген.

 

Қыз балалалардың мектеп формасы:

 

Белгіленген үлгідегі қою көк сарафан, классикалық ақ жейде, бас киімсіз, ақ бантик. Шашы екіге бөліп өріледі, ақ колготки, Өкшесіз қара немесе ақ түсті туфли. Қою көк сарафанның оң жақ кеудешесінде №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназиясының төс белгісі орналасқан.

 

Білім алушы оқушыларға тыйым салынады:


1. Күнделікті сабаққа формасыз келуге;
2.Дене шынықтыу сабағынан басқа сабақтарға спорттық киімде келуге. 
Дене шынықтыру сабағы болған күні спорттық киімді өзімен бірге алып келуі тиіс;
3.Сабақтарға екінші аяқ киімсіз келуге;
4.Қыз балаларға боянуға,түрлі әшекейлер тағуға;
5.Джинс(спорттық стильде) және серуендеуге арналған киімді киіп келуге;
6.Футболка, жемпір, свитерді, ашық түсті жейделерді киіп келуге;
7. Қыздар қысқа белдемше және шалбар киіп келуге. Белдемшенің ұзындығы 
тізеден 4 см. биік болмауы керек;

7. Джинс (спроттық стильде) және серуендеуге арналған киімді киіп келу.

 

Жоғарғы сыныптар бойынша мектеп формасының үлгісі 

Бастауыш сыныптар бойынша мектепформасының үлгісі